Ауданымыздың барлық аймағында бір мезетте еліміздің Гимні орындалды

Ауданымыздың барлық аймағында бір мезетте еліміздің Гимні орындалды

Бүгін елдіктің нышаны саналатын мемлекеттік рәміздер күніне орай ауданымыздың барлық мекемелерінің қызметкерлері бір мезгілде Гимнді орындады. Осылайша, олар биыл 29 жыл толып отырған мемлекеттік рәміздерге деген құрметін көрсетті, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

 

Бүгін, яғни, төртінші маусым күні еліміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін рәміздер күні. Осыған орай, Алматы облысында аталмыш мерекені карантиндік шараларды ескере отырып атап өту үшін ерекше шара ұйымдастырылған болатын. Бұл патриоттық акцияны біздің ауданымызда қолдап, сағат тура 11.00 де ауданымыздағы әкімдіктердің, полиция, аурухана, мектеп сияқты барлық мекемелердің қызметкерлері бір мезетте карантин талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік Гимнді орындады.

Айта кетейік, 1992 жылдың маусым айында Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілген болатын. Сол уақыттан бастап елімізде жыл сайын 4 маусым ҚР мемлекеттік рәміздер күні деп аталып өтілуде.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях