Вакцинация паспортын жасатқандар қатаң жазаланады

Вакцинация паспортын жасатқандар қатаң жазаланады

Мемлекет басшысы иммундау процесін жалған паспорттар тежеп отырғанын айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі жұмыс кеңесінде осылай мәлімдеді.

«Иммундау процесін тежейтін тағы бір өзекті мәселе – жалған вакцинация паспорты. Бұл жағымсыз құбылыстың таралуымен байланысты кез келген әрекетті тез арада тоқтату маңызды. Жұмыс басталды, оны жалғастыру керек», — деп айтқан Президент жауапты органдарға нақты тапсырма жүктеді. Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігі жанынан қоғам өкілдері мен халықтан ақпарат алып, өңдейтін ведомствоаралық арнайы топ құруды міндеттеді.

«Вакцинация төлқұжаттарын қолдан жасауға жол берген адамдарға қатаң жаза қолдануды тапсырамын. Мен бұл мәселені кеңейтілген отырыста көтердім. Әңгіме елдің ұлттық қауіпсіздігі туралы болып отыр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях