Иесіз иттерді бақылау

Иесіз иттерді бақылау

Биыл облыстық бюджеттен иесіз иттерді бақылауға 93 миллион 36 мың теңге қаражат бөлінген, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда бұл қаражаттың 58,4% игерілген. Алматы облысында жыл сайын шамамен 30 мың жануар жойылады. Бұл мәселені тек вольерлер салумен шешуге болады. Бөлінген қаражатқа жыл соңына дейін вольерлер салынып, жұмыстар жасалынбақ. Спикерлердің айтуынша қазір өңірде панасыз жануарлар көбейіп барады. Биылдың өзінде жыл басынан бері 4 мыңға жуық ит ауланған.

– «Қазір аймақта мұндай келеңсіздіктердің алдын алып, жануарлардың адам денсаулығына зиян келтіруінен сақтану үшін түрлі шаралар қабылдануда. Нақтырақ айтсақ, қаңғыбас жануарлар алдымен ауланып, әлеуметтік желі арқылы суреттері жарияланады. Осыдан соң біренеше күн ішінде олардың иесі табылмаған жағдайда, көзі жойылады. Бүгінгі күнге дейін шаһарда 1923 ит, 164 мысық ауланып, арнайы дәрі салу арқылы саны азайтылған болатын. Мұндай жұмыстар бұдан былай да жалғасады, – деді Алматы облысы ветеринария басқармасының басшысы Нұрболат Инкербаев.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях