Жетісу облыстық Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Жетісу облыстық Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы қызметіне полиция генерал-майоры Атығай Арыстанов тағайындалды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы

Полиция генерал-майоры Атығай Арыстанов Ғазымбекұлы 1971 жылдың 19 қарашасында Қостанай облысында дүниеге келген. Білімі – құқықтану, құқық қорғау қызметінің магистрі. 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2005 жылы – ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының магистратурасын бітірді.

Ішкі істер органдарында 1992 жылғы желтоқсаннан бастап қызмет атқарады. Еңбек жолын жедел қызметкерден бастап қызмет және жедел жұмыс басшысына дейін әр түрлі лауазымдарда атқарған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях