Ауданымызда робототехникадан алғашқы жарыс өтті

Ауданымызда робототехникадан алғашқы жарыс өтті

Орталық кітапханадағы «коворкинг» орталығында, аудандық білім бөлімі мен «Nur Otan» партиясының филиалының ұйымдастыруымен, IT-сыныптарында білім алушылар арасында аудандық «KASKELEN OPEN CUP» атты робототехникадан алғашқы байқау өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

«Балаларға арналған тегін IТ-сынып» жобасы аясында ұйымдастырылған байқаудың мақсаты – балалар мен оқушылардың жоғары технологиялық өндіріске, инновациялар мен инженерлік әзірлемелерге деген қызығушылығын арттыру. Оған алты мектептен 15-ке жуық оқушы қатысып, өздерінің жаңа заманға сай білім өрісі мен өнертапқыштық дәрежесінің деңгейін байқатты.

Жалпы, екі кезеннен тұратын жарыстың ережесі бойынша бірінші айналымында командалар өздері құраған роботтарды көрмеге қойып, оларыдың қоғамға пайдалы жақтарымен жиылған қауымды таныстырып өтті. Екінші кезенде оқушылар «лего» бөлшектері арқылы құрастырған роботтарын арнайы сызықтар бойымен жүргізіп, өздерінің роботтарының ішіндегі бағдарламалардың дұрыс жазылғанын және дұрыс құрастырылғанын көрсетті. Сондай-ақ, сайыс барысында оқушылар кардоннан жасалған «ақылды қоқыс», 3D принтері арқылы жасалған әртүрлі пішіндер және әуе кеңістігінде 55 минутқа дейін ұшатын мүмкіндігі бар ұшақ және тағы да басқа өз қолдарымен жасап, құрастырған заттарын көрсетті. Байқаудың қорытындысы бойынша 3-орынды Әлімқұлов орта мектебінен келген «Тұлпар» командасы алса, 2-орынды Ғабдуллин мектебінен келген «Кибернетика» командасы иеленді. Жүлделі 1-орынды Қырғауыл орта мектебінің «Smart Robot» тобы жеңіп алды.

Жарыс соңында қатысқан барлық балалар Алғыс хаттармен марапатталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях