Ауғаныстандық ардагерлер ардақталды

Ауғаныстандық ардагерлер ардақталды

15 ақпан –Кеңес Одағы әскерлері Ауғаныстан жерінен шыққан күн. Осыған орай, бүгін Қаскелең қаласының Абылайхан мен Райымбек көшелерінің қиылысындағы ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің жанында жылдағыдай, жауынгерлерді еске алу іс-шарасы өтті. Ауған жерінде интернационалдық борышын өтеген сарбаздардың ерлік рухын құрметтеу үшін Қаскелең қалалық округі әкімі Біржан Нұрлыбаев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы Анарбай Тілеулиев және аудандық ауған соғысы ардагерлер ұйымының төрағасы Сәбит Пішембаев қатысып, салтанатты жағдайда гүл шоқтарын қойды. Бұдан кейін, мерекелік жиын Қаскелең гуманитарлы-техникалық колледжінде жалғасып, студенттер мен өнерпаз оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Жалпы, он жылға созылған бұл сұм соғысқа 22 мыңға жуық қазақстандық аттанып, ал, біздің ауданнан 373 жауынгер қатысқан. Оның ішінен 14 азамат туған еліне қайта оралмай, сұрапыл соғыстың құрбаны болғанын да айта кеткен жөн.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях