Аудандық жұмыспен қамту орталығы басқа жаққа ауысты

Аудандық жұмыспен қамту орталығы басқа жаққа ауысты

Қарасай аудандық жұмыспен қамту орталығығының мекенжайы ауысты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Құрметті Қарасай ауданының тұрғындары!

2019 жылдың 28 қазан айынан бастап «Қарасай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі, Шамалған ауылы, Жібек жолы көшесінің №45 мекемесіне қоныс аударды. (Әкімшілік ғимаратының 2-қабаты)

Алдағы уақытта ауданымыздағы бос жұмыс орындарын және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету», Екінші бағыты – «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» (шағын несие беру), Үшінші бағыты – бойынша жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын бітірген жастар тәжірибиесі, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, қоғамдық жұмысқа жіберу және атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысы бойынша сұрақтарыңыз болса Шамалған ауылы, Жібек жолы көшесінің №45 мекемесіне келіп, мамандарға жүгінулеріңізді сұраймыз! Басқа да қосымша нақты ақпарат алғыңыз келсе, 8 (700) 979-57-24 ұялы байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях