Ауғанстан университеттерінде ерлер мен әйелдер бөлек оқиды

Ауғанстан университеттерінде ерлер мен әйелдер бөлек оқиды

Тамыз айының соңында «Талибан» радикалды ислам қозғалысының басшылығы тағайындаған Ауғанстанның жоғары білім министрінің міндетін атқарушы Абдул Баки Хаккани жексенбі күні Кабулдағы баспасөз мәслихатында елдің жоғары оқу орындарына арналған қағидаларды жариялады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы DW сайтына сілтеме жасап.

Осы құжатқа сәйкес, ауған университеттерінде ерлер мен әйелдер бөлек оқиды. Бұл жағдайда студент қыздарға сабақты негізінен әйелдер жүргізуі тиіс. Әйелдер аудиториясына ер мұғалімдердің сабақа беруіне рұқсат етіледі, тек олар шариғат заңдарын ұстануы тиіс.

«Бірлескен оқыту ислам қағидаларына қайшы келеді. Екінші жағынан, ол ауғандардың ұлттық құндылығы мен дәстүрінен алшақтайды», — деді Хаккани. Ол, сондай-ақ, ЖОО-да білім алатындардың киім киюінде қатаң ережелерді сақтауы тиіс екенін хабарлады. Яғни, әйелдер хиджаб киюге міндетті.

Сонымен қатар, университеттерде оқытылатын пәндер де қайта қаралады деп отыр.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях