Броконьерлікке байланысты қылмыстық жаза күшейтілетін болады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша браконьерлікпен айналысатын адамдарға қатысты заң қайта қаралып, оларға байланысты қылмыстық жаза күшейтілетін болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, осы аптаның сейсенбісі күні Ақмола облысының Жарқайың ауданында екі инспектор ақбөкенді аулаумен айналысқан браконьерлерді ұстауға тырысты. Нәтижесінде екеуі де мылтықтан жарақат алған болатын. Зардап шеккендердің бірі дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болды. Осы ретте Мемлекет басшысы браконьерлікке байланысты заңды күшейтуді тапсырды.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, осындай қайғылы оқиғалар қайталанбауы үшін сондай-ақ, браконьерлермен тиімді күресу үшін қылмыстық заңнама қайта қаралып, күшейтілетін болады. Сонымен қатар, ол инспекторларға тағы да жаттығу курстарынан өтуді бұйырды.

– Бір ай ішінде, «охотзоопром» инспекторларының браконьерлікке қарсы күрес бойынша арнайы теориялық және практикалық жаттығулардан өтетін болады, – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министріМағзұм Мирзағалиев.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях