Қазақстанда 30 мобильді жұмыспен қамту орталықтары жұмыс істейтін болады

Қазақстанда 30 мобильді жұмыспен қамту орталықтары жұмыс істейтін болады

Қазақстанның үш ірі қалаларында 30 мобильді жұмыспен қамту орталығы жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев мұндай мобильді орталықтар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ашылып жатқанын мәлімдеді.

– Елордада 8, Алматыда 12, Шымкентте 10 орталық ашып отырмыз. Бұл орталықтың ең басты ерекшелігі жылжымалы етіп салынғанында. Егер орналасқан жерінде келушілер аз болса, адам көп өтетін басқа орынға апарып қоюға болады. Президент мобильді қызмет көрсету орталықтарын халықтың шоғырланған жерлеріне орнату туралы тапсырма бергенін білесіздер. Соған байланысты, «Еңбек» бағдарламасы арқылы қаражат бөліп, 3 қалада 30 орталық аштық. Мұнда негізінен жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтамасыз еткен тұлғалар көмек алатын болады, – дейді Эльдар Жұмағазиев.

Аталмыш орталықтар адамдардың көп шоғырланатын базар, вокзал сияқты орындарда ашылып, таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Орталық қолында дипломы болса да, мамандығына сай жұмыс таппай жүрген мамандарды біліміне сәйкес жұмысқа орналастырып, жоғары білімі жоқ адамдарды кәсіби оқу орталықтарына жолдайды. Ал, өзінің жеке бизнесін ашып жұмыс істегісі келгендерді «Жас кәсіпкер» және «Бастау» жобасы арқылы кәсіпкерлік қырларын меңгереді. Сондай-ақ, оның айтуына қарағанда, «Атамекен» палатасы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтің әлжуаз топтарына арналған базасы біріздендірілмек.

– Осында кірген азаматтың әуелі әлеуметтік статусын анықтаймыз. Егер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында жоқ болса, сонда енгіземіз. Осыдан кейін барып ол кәсіпкерлік дағдысын анықтайтын тест тапсырады. Межелі ұпай алса, «Жас кәсіпкер» немесе «Бастау» бағдарламасы бойынша оқып, 500 мың теңгелік грантқа жоба ұсына алады. Ал кәсіпкерлікке ынтасы жоқ болса, арнайы білім алуына болады. Ондай білім беретін 50-ден астам орталығымыз бар. Ол орталықтарда оқытылатын мамандықтар тізімі жергілікті жердегі еңбек нарығына талдау жасау арқылы іріктеледі. Яғни, жұмыс берушілерге қажет мамандықтар оқытылады. Мамандыққа оқу барысында шәкіртақы төленеді. Ал оқуы аяқталған соң жұмысқа орналасуына көмек көрсетіледі, – деді палата өкілі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях