Алматы облысының халқы екпені Алматы қаласында салдыра алады

Алматы облысының халқы екпені Алматы қаласында салдыра алады

Алматыдағы эпидахуал Алматы облысындағы іргелес аудандарға қатты әсер етіп отыр. Бұл жайында облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

– Бірінше кезекте вируспен күрестің алгоритмін Алматы қаласымен бірлесіп жасаған болатынбыз. Пандемияның бірінші толқынында блок бекеттер қойылғанын білесіздер. Қазір ондай проблема жоқ. Қазір вакцинация бойынша бірлескен жұмыс жүріп жатыр. Яғни, біздің облыстың тұрғындары Алматы қаласында ешбір кедергісіз екпе салдыра алады, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Б.Байжұмановтың айтуынша, облыстағы эпидахуалды Алматы қаласына барып жұмыс істейтіндер ушықтырып тұр.

– Шектеу шаралары республиканың бас санитар дәрігерінің қаулысымен бекітілген. Сондықтан шектеу бәрінде бірдей. Алматы қаласына іргелес 5 аудан бар. Олардың тіршілігі қаламен тығыз байланысты. Осы іргелес аудандардағы аурушаңдық көрсеткіші Алматыдағы сияқты жоғары. Өйткені тұрғындарының көбі Алматы қаласында жұмыс істейді. Осылайша, жұмыста ауру жұқтырып, оны үйіне әкеледі. Сондықтан іргелес аудандарда аурушаңдық көрсеткіші жоғары болып тұр. Бүгінде Алматы қаласында аурушаңдық түсіп еді, Алматы облысында да түсе бастады, – деп мәлімдеді Батыржан Байжұманов.

Ал, Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың сөзіне сүйенсек, оқу жылы басталғанда «Aport» сауда орталығының ашық болуы эпидахуалды қиындатып тұр.

– Шынымен де сабақ басталар кезде Алматы қаласындағы сауда нысандары жабық болғандықтан, біздегі «Aport» сауда орталығына ағылды. Соның салдарынан эпидахуал нашарлады. Бірақ бұл бір күн ғана болды. Біз жедел шешім қабылдадық. Ертеңінде-ақ сауда нысанындағы санитарлық-эпидемиологиялық сақтық шаралары қатаң бақылауға алынды, – деді Ерғали Сыдыманов.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях