Атырау облысында шөп өртеніп, үш бала қайтыс болды

Атырау облысында шөп өртеніп, үш бала қайтыс болды

Атырау облысы, Махамбет ауданында бума шөп өртеніп, үш бала ажал құшты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап.

Кеше сағат 19:27-де кезекші пультіне Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылы, Жаскеленов көшесіндегі үйдің ауласына жиналған 22 дана бума шөп жанып жатқаны туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына №11 ӨСБ-нің өрт сөндірушілері 19:45-те жетіп, өрт 23:07 минутта толығымен сөндірілген.

Алайда, 6 қазан күні 00:02 минутта Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында кәмелет жасына толмаған үш бала белгісіз жағдайда жоғалғаны туралы хабарлама келген.

– Іздестіру жұмыстарына ТЖД 11 қызметкері, 3 дана техникасы, 2 кинологиялық есеп, полиция департаменті қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды. Олардың денесі ПД қызметкерлеріне тапсырылып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Құрметті қазақстандықтар! ҚР ТЖМ өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді, — түсінік берді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі өкілі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях