Алматы мектебінде мұғалім баланы ұрып, мазақ еткен  

Алматы мектебінде мұғалім баланы ұрып, мазақ еткен   

Алматы қаласының тұрғыны ұлын ренжіткендерден қомақты қаржы өтеп алмақ. Оның 11 жастағы ұлы мұғалімнен зардап шеккен, — деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  КТК телеарнасына сілтеме жасап

Музыка сабағы кезінде педагог баланың құлағынан ұрып, артынша, анасының айтуынша, ұлын «жылаңқы қыз» деп тіл тигізген.

Болған жайттан кейін мұғалім жұмыстан кеткен. Алайда оқушыны басқа оқушылар мен мұғалімдер қудалаған.

«Биыл баламды басқа мектепке ауыстырдық. Мұғалімді келесі күні жұмыстан шығарып жібергендіктен, әрине, сол жағдайдан кейін кейбір оқушылар мен мұғалімдер оны аңди бастаған. Мұғалімдер оны жала жапты деп, оның кесірінен мұғалім жұмыссыз қалғаны үшін айыптады», — дейді баланың анасы.

Зардап шеккен баланының отбасы мектепке ашулы. Олар сотқа арызданып, бес миллион теңгеден өндіріп алмақ. Жеңіске жеткен жағдайда ақшаны қайырымдылыққа жұмсамақ.

Мектеп әкімшілігі мәселе шешілгеніне сенімді болған. Ал соттан келген жаңа соталды хабарлама олардың жағасын ұстатқан.

«Біз үшін бұл күтпеген жайт болды: ешқашан қол көтеру жағдайы болмаған. Әрине, мұғалімді әрқалай ақтап алуға болады. Әділдік жағынан — біз бұл жағдайда қандай шешім қабылдау керегін сот шешетін жағдайға жеттік», — деді Жания Әубәкірова атындағы мектептің трансформациялық, әкімшілік үдерістерінің басшысы Алмас Сапарғалиев.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях