Қасым-Жомарт Тоқаев Иранда апатқа ұшыраған ұшаққа байланысты көңіл білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев  Иранда апатқа ұшыраған ұшаққа байланысты көңіл білдірді

Мемлекет басшысы Тегеран маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Ақордағв сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тегеран қаласы әуежайының маңында «Украина халықаралық әуежолы» компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан азаматтары қаза болған бірқатар мемлекет басшыларына көңіл айту жеделхаттарын жолдады.

Биыл 8 қаңтарда «Украина халықаралық әуежолы» компаниясының әуе кемесі Тегеран қаласы әуежайының маңында апатқа ұшырады.

Соңғы мәліметтер бойынша, бортта Иран, Украина, Канада, Германия, Швеция және Ауғанстанның 176 адам (167 жолаушы және тоғыз экипаж мүшесі) болған. Ешкім аман қалмады. Тегеран мен Киев ұшақ апатын теракті деген болжам жоққа шығарылды және ресми мәлімдемелер оған қозғалтқыштан шыққан от себеп дегенді келтіреді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях