Қаскелеңдегі қоғамдық көліктер

Қаскелеңдегі қоғамдық көліктер

Халық наразылығы мен өтініші кез келген басшыны алаңдататыны сөзсіз. Олай деуімізге негіз болып отырған аудан әкімінің Қаскелең қаласы тұрғындарымен болған есептік кездесуінде тұрғындар тарапынан көтерілген қала ішіндегі қоғамдық көлікке қатысты біраз мәселелерді айтуға болады. Аталған сауалдарды ескерген шаһар басшысы Асқар Мұқашев бүгін Қаскелең автобус паркіне қарасты қоғамдық көліктердің жүру кестесін бақылап, олардың жұмыс барысымен танысты. Алдымен қала әкімі таңғы 7-20-да «Сәукеле» ықшам ауданынан алғашқы рейспен қозғалатын қоғамдық көліктің жұмыс тәртібімен танысып, әр аялдамасына келу уақытын да қадағалауды жөн көрді. Одан кейін қаланың Оңтүстік бағыты мен халыққа қызмет көрсету орталығы арасында жүретін көліктердің жүріс аралығын тексеріп, тұрғындармен де тілдесті.

Жалпы, қала ішіндегі қоғамдық көліктер жайлы қаскелеңдіктердің ой-пікірі жаман емес, олардың арасында үнемі осындай шағын автобустармен қатынайтындар да кездесіп жатты.

Қала әкімі – Асқар Өкенұлы жоғарыда аталған көліктерден бөлек, аудан орталығының ішіндегі кейбір көшелерді басып өтіп, Жандосов пен Әйтей ауылдық округтеріне дейін жүретін қоғамдық көліктердің жүру бағыттарымен де танысты. Барлығының жұмыс барысына көз жеткізген қала басшысы олардың сапасына да көп көңіл бөлді.

Ал, Қаскелең автобус паркінің өкілі Даулет Тұрсынғазыұлы барлық көліктер жұмыстарын бастамас бұрын бірнеше сараптамадан өтетінін алға тартады.

Қала басшысы мен Қаскелең автобус паркі өкілінің мәлімдеуінше, келешекте осы аталған шағын автобустар қаланың басқа да көшелерінде жүргізу жоспарда бар екенін айтады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях