АРЫСПЕН БІРГЕМІЗ (Видео)

АРЫСПЕН БІРГЕМІЗ (Видео)

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласындағы эвакуациялық пунктке барды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындардың жағдайына алаңдатушылық танытып, олармен жақын тілдесті. Сондай-ақ, төтенше жағдайға жауапты атқарушы органдарға халықтың жағдайын жасап, олардың мүліктерін сақталуын қадағалауды тапсырды.

Қазір біз ең бірінші кезекте адамдардың, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Екінші — көрсетілетін көмектер. Арнайы қор құрылды. Арысқа бүкіл Қазақстан көмектеседі. Жарылыстың себептерін анықтау қажет. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу-тексеру басталды. Егер кінәлілер болса, олар заңмен қатаң жазаланады. Алдағы уақытта Арыс жарылғыш құрылғылардың барлығынан тазартылуы тиіс, – деп мәлімдеме жасады ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Арыстық ағайындарға көмектесу үшін Жетісу жұртшылығы да қайырымдылық танытуды қолға алуды. Өз кезегінде Алматы облысының әкімдігі барша қазақстандықтарды қайырымдылық шарасына ат салысуға шақырады. Сондай-ақ, Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері, жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен бюджеттік мекеме қызметкерлері бір күндік жалақысын зардап шеккен арыстықтарға аударуды шешті.

Үлес қосуға ниетті азаматтар болса Түркістан облысына төмендегі реквизиттер бойынша қаржылай немесе материалдық көмектеріңізді аудара аласыздар:

«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры, реквизиттері: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы, 34 «А» ғимараты

пошта индексі: 161200

БСН (БИН) — 100440016000 «Forte bank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы

ЖСК (ИИК) — KZ7196528F0007014540

БСК (БИК) — IRTYKZKA.

#ЖетісуАрыспенБірге #АрысБізБіргеміз

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях