Қыздар арасында мықтылар анықталды

0
2693

Өткен аптаның сәрсенбісінде жасөспірім қыздар арасында волейболдан Қарасай ауданының ашық турнирі өтті. ҚР Рәміздерінің 25 жылдығына арналып орайластырылған бұл сайысты аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі ұйымдастырды. Ауданымыздың барлық округтерінен, онымен қоса, Алматы қаласынан келген 12 құрама команданың жарысын аудандық спорт бөлімінің басшысы Серік Қамзанов құттықтау сөзбен ашты.

Жалпы, қатысушылар арасында саламатты өмір салтын насихаттап, мұнан бөлек, достық, патриоттық сезімге тәрбиелеуді мақсат тұтқан бұл бәсекеде Ұмтыл ауылдық округінің қыздары 1-орынды қанжығасына байлады. Шеберліктерін шыңдап, 2-орынға Іргелі ауылдық округінің командасы табан тіреді. Ал, Жаңа Шамалған ауылдық округінен келген қыздарға 3-орын бұйырды. Жеңіс тұғырынан көрінген спортшылардың барлығына алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь