Қарасайлық білімгерлер облыстық олимпиададан жеңіспен оралды

Қарасайлық білімгерлер облыстық олимпиададан жеңіспен оралды

Талдықорғанда өткен облыстық олимпиадаға біздің ауданымыздың дарынды оқушылары қатысып, жүлделі оралды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Жақында, яғни, қаңтар айының 5-6 күндері аралығында облыс орталығы Талдықорған қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауда облысымыздың түкпір-түкпірінен 9-11 сыныпта оқитын 850-ге жуық оқушы бақ сынасып, өз білімдерін көрсете. Жыл сайын өткізілетін білімділер арасындағы сайысқа біздің ауданымыздан да дарынды оқушылар қатысты. Нақтырақ айтқанда олимпиадаға ауданымызға қарасты 16 мектептең өздері оқитын білім ордаларында аймақтық және аудандық деңгейде өткен сайыста үздік атанған 23 бала қатысып, өз білімдерін сынады. Олимпиада да балалар қазақ тілі мен әдебиеті, орыс мектептеріндегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ мектептеріндегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, математика, информатика, физика, химия, биология, география, жалпы 13 пән бойынша жарысты.

Білім сайысының қорытындысы бойынша ауданымыздан қатысқан 23 баланың 18-і жүлделі оралды. Нақтырақ айтқанда, байқауда Кемертоған орта мектебінің 10 сынып оқушысы Диана Шырынбай оза шығып, 1-ші орын мен республикалық байқауға деген жүлдемені қанжығасына байлады. Ал, Алмалыбақ орта мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушылары Маргарита Бродецкая мен Диана Шолкова және де Қарасай батыр орта мектебінің 9 сынып оқушысы Ясмина Джабарова екінші орынды ұтып алды. Жүлделі үшінші орынды Белинский атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Жансая Көпжасарова мен тағы да басқа ауданның 13 білімгері иеленді. Облысымыздағы дарынды, талантты оқушыларды анықтауды мақсат еткен сайыста жеңіске жеткен барлық оқушы облыстық білім басқармасының атынан 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.

«Білекті бірді, білімді мыңды жығар» дегендей, аталмыш олимпиадаға қатысып, өздерінің білімдерін дәлелдеп, өребәйгеде оза шапқан қарасайлық оқушыларымызды кезекті жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях