Шымкент әкімдігі қызметкерлері ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды  

Шымкент әкімдігі қызметкерлері ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды   

Шымкент қалалық мәдениет басқармасы осы бөлімнің бірнеше қызметкері пара беруге әрекет жасады деп күдікке ілігеннен кейін ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығаратын мәлімдеме таратты, — деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланған материалдарға сәйкес мәлімдейміз.

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғалары (басшы, басшының орынбасарлары) бәрі жұмыс орнында екенін назарларыңызға жеткіземіз. Сонымен қатар, еңбек демалысында жүрген 3 маманнан басқа қызметкерлер де түгел жұмыс орнында.

Басқармаға құқық қорғау органдары тарапынан ресми хат түскен жоқ», — делінген ведомствоның Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, 11 тамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғаларын 80 миллион теңге көлемінде пара беруге әрекет жасады деп күдікке ілінгені туралы хабарланған болатын.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях