Қарасай ауданының 90 жылдығына арналған іс-шара

Қарасай ауданының 90 жылдығына арналған іс-шара

Өткен аптаның сенбі күні Қаскелең қаласындағы нөмірі екінші балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz.

Қарасай ауданының 90 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» мақаласының «Өзгерісті өзіңнен баста» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шараға он командадан тұратын 120 адам қатысты.

Спартакиаданы аудан әкімі Жандарбек Далабаев ашып, ауданның 90 жылдығына орай өткізіліп отырған ең алғашқы шара екенін атап өтіп, қатысушылардың барлығына сәттілік тіледі. Ережеге сәйкес, спортшылар төрт ойын түрі бойынша сайысқа түсті. Атап айтсақ, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахмат және волейбол. Қатысушы командалардың барлығы да өздерінің жақсы дайындалғанын көрсетіп, алдыңғы қатарлы команда болуға ұмтылды. Алайда, аудандық орталық аурухананың ақ халаттылары өздерін спорт жағынан да озық екенін дәлелдеді. Жалпы командалық есепте, қарсыластарына дес бермей, бірінші орынды қанжығаларына байлады. Ал, олардан аз ғана ұпаймен басымдық берген аудандық әкімдіктің қызметкеріне екінші орын бұйырса, жеңімпаздардың үштігін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары еншіледі. Спартакиаданың барлық үздіктеріне медальдар мен Алғыс хат табысталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях