Білім гранттарына өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды

Білім гранттарына өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды

Білім және ғылым министрлігі талапкерлердің өтініштері бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді тапсыру мерзімін 30 шілдеге дейін ұзартты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Грантқа құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады: eGov арқылы (бейне-нұсқаулықтар парақшамызда көрсетілген) және ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы (талапкерлердің бейне өтініші бойынша ЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссияларының қызметкерлері оқуға түсушімен бірге өтінішті толтырады, барлық сұрақтарға жауап береді және қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі)», – деп хабарлайды министрліктен.

Конкурстың нәтижелері 15 тамызға дейін белгілі болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях