Елбасының өтініші қабылданды

Елбасының өтініші қабылданды

Қазақстан Республикасының Конститутциялық кеңесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өтінішін қабылдады деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Конститутциялық кеңес ресми сайтында «2019 жылғы 4 ақпанда Республиканың Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылданғаны жайлы хабарлады.

Конституцияның 42-бабы мемлекет басшысының өкілеттігінің тоқтауына қатысты. «Республика Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ, Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің, қызметінен кетірілгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президенті деген атаққа ие болады», – делінеді 42-баптың 3-тармағында.

Жоғарыда аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях