Қарасай ауданында дүкен сатушысы адам өлтірді

Қарасай ауданында дүкен сатушысы адам өлтірді

Дүкен сатушысы мен сатып алушы арасында жанжал туып, соңы кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 17 қазанда сағат 10:00 шамасында Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қарасай ауданы, Тұрар ауылындағы дүкендердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына барған тергеу-жедел тобы бұл ақпаратты растады. Тергеушілер жедел-криминалистика департаменті, учаскелік полиция қызметкерлерімен бірге марқұмның жеке басын анықтады. Ол – 54 жастағы Тұрар ауылының тұрғыны. Осыдан кейін Жібек жолы ауылының 39 жастағы тұрғыны ұсталды, ол басында бәрін жоққа шығарғанымен, кейін дәлелдерді көрсеткеннен кейін кісі өлтіргенін мойындап, қылмыс құралы – пышағын берді», – деп мәлімдеді облыстық ПД.

Дүкен сатушысы мен сатып алушы арасында жанжал туындағаны белгілі болды, нәтижесінде сатушы сатып алушының кеудесінен пышақпен ұрған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях