Шамалған бастауыш партия ұйымы облыстық байқаудан жүлделі оралды

Шамалған бастауыш партия ұйымы облыстық байқаудан жүлделі оралды

Бастауыш партия ұйымдары арасында өткен «Үздік бастауыш партия ұйымы» облыстық байқауы өз мәресіне жетіп, байқаудың қорытындысы бойынша Шамалған округінің бастауыш партиясы жүлделі екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

«Nur Otan» партиясының ұйымдастырумен өтетін дәстүрлі байқаудың негізгі мақсаты тек қана үздік ұйымды анықтау емес, бастауыш ұйымдардың жұмысын жандандыру, олардың жұмыс тәжірибесімен бөлісу, оларға қолдау көрсету. Сонымен қатар, БПҰ өкілдерін партиялық және сайланбалы қызметтерге ұсыну үшін білікті және белсенді ұйым мүшелерін анықтап, кадрлық резерв қалыптастыру болып табылады.

Қазан айының бесі күні облыс орталығы Талдығорған қаласында өткен облыстық байқау қорытындысы бойынша жыл бойы істеген еңбегі бағалап, 345 бастауыш партия ұйымдарының арасында шамалғандықтар топ жарып, алға шығып 500-ден асқан партия мүшесі бар санат бойынша 2-ші орынға ие болды. Осы ретте Ержас Тоқтасынов төрағалық ететін Шамалған БПҰ жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, партия ұжымына үлкен жетістіктер тілейміз.

Естеріңізге сала кетсек аталмыш партия қыркүйек 27-і күні өткен «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының аудандық кезеңінін үздігі атанған болатын.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях