Антисептиктерді үй жағдайында дайындаудың зияны қандай

Антисептиктерді үй жағдайында дайындаудың зияны қандай

Үй жағдайында дұрыс дайындалмаған антисептик коронавирусқа қарсы күресе алмайды. Бұл туралы ресейлік фармаколог дәрігер Игорь Федоров айтты, деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымы ria.ru сайтына сілтеме жасап.

– Бұл өнімді үйде жасамаған жөн. Өйткені спирттен дұрыс композиция жасай алмауыңыз мүмкін. ДДСҰ айтуынша, құрамында 62%-дан астам спирт болса ғана вирусты өлтіре алады, – деді маман.

Ал, үйде жасалған антисептикпен қолын зарарсыздандырған адам тек қана өзін алдауы мүмкін екенін айтып өтті. Сонымен қатар, маман спиртсіз антисептиктердің әсерін түсіндіріп берді.

– Егер құрамында хлоргексидин бар спиртсіз антисептиктер туралы айтатын болсақ, олар кейбір бактерияларға қарсы әрекет етеді, бірақ вирусты жоймайды, – деп толықтырды Федоров

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях