Қанатбек Жайсаңбаев Президент Әкімшілігі бөлімінің меңгерушісі болды  

Қанатбек Жайсаңбаев Президент Әкімшілігі бөлімінің меңгерушісі болды   

Қанатбек Жайсаңбаев Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болды, — деп хабарлайды karasayinfo.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Қанатбек Жайсаңбаев 1980 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2010-2016 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, кейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ, бұған дейін Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях