Тегін дәрілер: Қазақстанда мобильді қосымшада жаңа қызмет іске қосылды

Тегін дәрілер: Қазақстанда мобильді қосымшада жаңа қызмет іске қосылды

Қазақстандықтар жаңа қызмет арқылы енді амбулаторияда емделу үшін қандай дәрі-дәрмектер, мамандандырылған медициналық мақсаттағы бұйымдар, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі туралы мәліметті біле алады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Тегін дәрі-дәрмектің бар-жоғын білу үшін бірінші кезекте eGovMobile мобильді қосымшасын телефонға жүктеу керек. Одан «Денсаулық сақтау» бөліміндегі «жеке санаттағы азаматтарға дәрілік заттарды ұсыну» қызметін таңдап, оған тапсырыс берсе болғаны. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясындағылар бұл тапсырыстың бір жұмыс күннің ішінде орындалатынын мәлімдеді.

– Біз қазір азаматтарға дәрі-дәрмектің қолжетімді болуын қамтамасыз етіп жатырмыз. Бұл салада бірнеше бағыт бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Қажетті препаратты енгізген кезде оның бар-жоғын біле аласыз. Бар болған жағдайда қай дәріханадан ала алатыныңыз көрсетіледі, – деді қалалық Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев.

Медициналық қызметтерді алудан бөлек, бұл қосымшада жылжымайтын мүліктің электрон техникалық паспортына да қол жеткізуге болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях