Енді жол ережесін бұзғандардың телефондарына хабарлама жіберіледі

Енді жол ережесін бұзғандардың телефондарына хабарлама жіберіледі

Алматы полициясы жол ережесін бұзған жүргізушілерге айыппұл туралы хабарламаны телефондарына жіберетін болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің таратқан ақпаратқа сәйкес, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіндегі 743-бабының 4-1 бөліміне толықтыру енгізілген.

Департамент Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиевтың айтуынша айыппұлды төлеу туралы хабарландыру хаты мәтіндік хабарлама ретінде egov порталында көлік иесі өзі көрсеткен ұялы байланыс нөміріне жіберіледі. Бұл бапқа сәйкес әкімшілік жазаға тартылған тұлға өзі көрсеткен мекенжай мен электронды пошта, телефон нөмірін дұрыс көрсетуге міндеттеледі.

Аталған баптың 6-7 бөлімдеріне сәйкес адресат хабарламаны алудан бас тартқан жағдайда, бұл туралы құзырлы органның лауазымды тұлғасына мәлімет жіберіледі. Алайда бұл өзгерістер әкімшіліктің іс қозғауына кедергі жасамайды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях