Америкадағы қазақ қызы туған анасын іздейді

Америкадағы қазақ қызы туған анасын іздейді

Америкалық отбасы асырап алған 18 жасар Сара Найт (Sarah Knight) қазақша аты-жөні Әсем Асылбекова өзінің биологиялық анасын іздеуде, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Баршаңызға сәлем! Менің есімім Сара және мен өзімнің биологиялық анамды тапқым келеді. Мені Есік қаласындағы балалар үйінен асырап алған. Менің әкемнің кім екені белгісіз, туу туралы куәлігімде де жазылмаған. Мен 2002 жылы дүниеге келіп, 2003 жылы мені асырап алды. Өкінішке қарай, шыққан отбасым туралы аз ғана мағлұмат білемін. Биологиялық анамның аты-жөні Саида Асылбекова. Менің туу туралы куәлігімде анам 1980 жылы дүниеге келген деп жазылған. Менің Сараға дейінгі есімім Әсем Асылбекова. Анама қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіздер маған хабарласуларыңызды сұраймын. Биологиялық анаммен кездесуді асыға күтемін», — деп жазды Сара Найт Facebook-тегі Kazakh American Association (Қазақстандық-америкалық қауымдастық) паблигінде.

Қазақтың қызы, сонымен қатар, өз жазбасында танып қалады-ау деген оймен ниетпен Фарида Асылбекова, Айдар Асылбеков және Саида Асылбекова есімді азаматтарды да іздейтінін жеткізуде.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях