Аудан әкімінің кубогы берілді

0
2315

Өткен сенбіде еңселі елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен, Шамалған ауылындағы Үшқоңыр қазақ орта мектебінде аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің кубогына арналған жарыс өткізілді.

Ол тартысты бәсекеге спорттың бірнеше түрінен Қаскелең қаласы және ауылдық округтерден жиылған 500-ге жуық спортшы қатысты.

Дүбірлі дода қорытындысын жалпы командалық есеппен айтар болсақ, бірінші орынды Шамалған ауылдық округі алса, Жаңашамалған ауылдық округінен құралған команда екінші болды. Ал, Райымбек ауылдық округінің командасы үшінші орынды иеленіп, жеңімпаздар бүгін аудан әкімі Махаббат Бигелдиев ұсынған грамоталармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь