«Аmanat» партиясының кезектен тыс конференциясы өтті

«Аmanat» партиясының кезектен тыс конференциясы өтті

«Аmanat» партиясы Ескелді аудандық филиалының ХХХІІІ кезектен тыс конференциясы өтті, деп хабарлайды naqty.kz  желілік басылымның тілшісі.

Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасының жобасы талқыланып, «AMANAT» партиясы Жетісу аймақтық филиалының конференциясына делегаттар сайланды. «AMANAT» партиясының жаңа Саяси тұғырнамасы ағымдағы жылдың наурыз айында басталған толық ауқымды партиялық трансформацияның бір бөлігі болып табылады. Тұғырнамада Қазақстанның басты қоғамдық күшінің болашаққа деген көзқарасы, даму бағдарламалары, ұстанымдары мен саяси мақсаттары қамтылған. Тұғырнама елімізде болып жатқан өзгерістерге «AMANAT» партиясының жауабы ретіндегі негізгі идеологиялық құжат. Саяси тұғырнама партия мүшелері, депутаттар, сарапшылар, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, азаматтық белсенділер қатысып бірлесе талқылаған пікірталастың нәтижесінде пайда болды. Құжатты әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Партияның жаңа Саяси тұғырнамасының жобасы республикалық және өңірлік деңгейде сарапшылық отырыстарда талқыланды. Барлық өңірлерден ұсыныстар жинау және әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы әр партия мүшесіне құжатқа қатысты өз пікірін айтуға мүмкіндік берілді. Әлеуметтік сауалнамаға 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларыннан 18 және одан жоғары жастағы 42 859 партия мүшесі қатысты. Партия мүшелері 1 000-нан астам бастама жолдады. Жаңа Саяси тұғырнаманың негізгі ерекшеліктері:

біріншіден, құжатты әзірлеу және жазу алғаш рет толығымен қазақ тілінде жүргізілді;

екіншіден, тұғырнама «Адам – Қоғам – Мемлекет» қағидасы бойынша құрылған, мұнда әрбір азаматтың әл-ауқаты басты назарға алынған;     үшіншіден, әзірлеу және талқылау қатардағы партия мүшесінен бастап партияның орталық аппаратына дейінгі барлық деңгейде жүргізілді;           төртіншіден, нақты мәселелі сұрақтар және оларды шешу жолдары қарастырылған;

бесіншіден, халқымыздың көрнекті тарихи тұлғалары мен зиялы қауым өкілдерінің ой-пікірлері мен көзқарастары көрініс тапқан.

Тәуелсіздік – баға жетпес байлық, оны біз көздің қарашығындай сақтап, қорғауымыз керек деген тезис тұғырнамада басты орынға қойылған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях