Ескелділіктерге кәсіпкерлікті қолдау бағыты түсіндірілді

Ескелділіктерге кәсіпкерлікті қолдау бағыты түсіндірілді

Ескелді ауданы Қарабұлақ кентінде «Аманат» партиясының аудандық филиалында «Демеу» мүгедектерді қолдау орталығындағы мүгедектігі бар азаматтар, әлеуметтік осал топтағы азаматтар, ҮЕҰ және басқа да санаттағы ескелділіктермен кездесу семинары өтті, деп  хабарлайды naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Шараны «Yerkin» өнер академиясы» ЖҚБ үйлестірушісі, «Тең қоғам» мүгедектерді қолдау орталығының офис менеджері Ғазиз Аманжолұлы жүргізді. Оның барысында «Демеу» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ахат Ұзақбаев алғашқы болып сөйлеп, бұл кездесудің маңыздылығына тоқталып өтті. Ал, келесі сөз кезегін алған Жетісу облысының «Атамекен» ҰҚП адами капитал дамыту бөлімінің сарапшысы  Айдын Астаубаев қатысушыларға мемлекет тарапынан беріліп жатқан көмектер жайлы толық ақпарат берді. Атап айтқанда, ол қайтарымсыз грант қағидалары, палата тарапынан қаржылай емес қолдау түрлері жайында, өз жобаңды жазып, оның іске асыру жолдары, «Әлеуметтік кәсіпкерлік» бағдарламасы туралы түсіндіріп өтті.

Шара жалғасы сұрақ-жауап алмасумен өтіп, қатысушылар тарапынын түрлі ұсыныстар білдіріп, өтінштері назарға алынды. Аталған бағыттағы шаралар тұрғындарға өте қажет екендігін атап өткен қатысушылар, ақпараттық-түсіндірмелі бағыттағы жұмыстар үнемі жүргізіліп, ауыл-ауылдарға дейін қамтылса деген ойларын білдірді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях