Алматыда сауда орталықтары қандай жағдайда ашылады?  

Алматыда сауда орталықтары қандай жағдайда ашылады?   

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қалада сауда орталықтары мен сауда және ойын-сауық орталықтары қандай жағдайда ашылатынын айтты, — деп хабарлайды karasayinfo.kz   желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алматы наурыздан бері эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында «қызыл» аймақта. Барлық шектеу шарасы осыған сай енгізіліп жатыр. Ал қалыпты жұмысқа оралу бойынша жауапкершілік тұрғындардың, біздің мойынымызда. Жетістікке бірлесіп қана жете аламыз.

Шағын бизнес субъектілері коронавирус талару индексі төмендемейінше шектеулер алынбайды. Ол жеті күн бойы бірден төмен болуға тиіс», — деді Әсел Қалықова.

Ал шектеу шараларын жеңілдету туралы шешім қалада тәулігіне коронавирус жұқтырғандар саны азайса, вирустың таралу индексі төмендесе ғана қаралатыны айтылды.

«Бірақ вирустың негізгі таралатын орындары қоғамдық жерлер, сауда орталықтары, сауда үйлері, басқа да қоғамдық тамақтау орындары, сән салондары екенін көріп отырмыз. Сондықтан жауапкершілік екіжақты екенін қайталап айтқым келеді. Кәсіпкер қызметкерлерге де, тұрғындарға да нормаларды сақтауға жағдай жасауы керек», — деді ол.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях