Алматы облысы: Әкімдік стадион үшін «кесілген» ағаштарға түсінік берді  

   Алматы облысы: Әкімдік стадион үшін «кесілген» ағаштарға түсінік берді   

 

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі Шелек ауылында стадион салу үшін тоғайдағы ағаштардың кесілуі мүмкіндігі туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Экобелсенді Салтанат Тәшімова Facebook-парақшасында стадионның құрылысы үшін Шелектегі жалғыз тоғай кесілетіндігі жөнінде жазды. Онда көпжылғы 400 ағаш бар. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі аталмыш жазбаға жауап берді.

«Шелек ауылында тоғайдағы 400 ағашты кесу басталғаны туралы жазбаңызға келесіні хабарлаймын, осы уақытқа дейін Шелек ауылының тоғайында бірде-бір ағаш оталған жоқ. Тоғайда стадион бар. 2022 жылға қарай Шелек ауылында 3,40 га аумақта дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарлануда. Бүгінгі күнде құрылыстың жобалау-сметалық құжаттары дайындалуда», — деп жауап берді аудан әкімдігі.

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях