Ардагерлерді ардақтайық  

Ардагерлерді ардақтайық   

Бүгін  «Nur Otan» партиясының  «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне азық-түлік себеттері таратылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Отанын оттан қорғап, жеңіс деп жанын шүберекке түйген азаматтардың ерліктері еш ұмытылмақ емес.   Қан майданның қаһарынан ықпай, намысты ту еткен батырларымыз қатары жыл санап азайып келеді. Бүгінгі таңда біздің ауданда сегіз қарт майдангер ғана қалды. Олар  бүгілген беліне демеу көрсетер шақта біздің ізгі  ілтипатымыз олар үшін өте  маңызды.  Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне қанша алғыс айтылса да, көп болмасы анық.  Бірінші мамыр – Бірлік күні қарсаңында  «Nur Otan»  партиясының аудандық филиалы қызметкерлері  RG Brands және  Efes Kazakhstan компанияларының демеушілігімен алынған  азық-түлік жиынтықтарын  қарт майдангерлердің үйлеріне апарып беріп, хал-жағдайларын сұрап қайтты.

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях