Алматы әуежайы түрік компаниясының иелігіне өтті

Алматы әуежайы түрік компаниясының иелігіне өтті

«TAV Airports» компаниясы мен «Kazakhstan Infrastructure Fund» қоры Алматы әуежайын сатып алу жұмыстарын аяқтады. Қазақстандық әуе айлағы TAV портфеліндегі 15-ші және компания концессияның уақытша шарты негізінде емес, меншік құқығымен басқаратын бірінші атанды, — деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы TAV Airports сайтына сілтеме жасап

«Мәміле бойынша есеп айырысу аяқталғаннан кейін «TAV» әуежай мен отын жеткізу және тамақтану қызметтерін ұсынатын байланысты кәсіпорындардың 85 пайызының бенефициарлық иесі болады.

Акциялардың қалған 15 пайызы «VРЕ Capital» басқаратын «Kazakhstan Infrastructure Fund» қорына тиесілі. Қорд инвесторы — «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ», — делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматы әуежайының сатылатыны туралы 2020 жылдың мамырында белгілі болған еді. Түркиялық «TAV Airports Holding» холдингі Алматы әуежайы акциясының жүз пайызын 415 миллион долларға сатып алған хабарланған болатын.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях