Жарқырасын жас таланттар!

Жарқырасын жас таланттар!

Жігерді жанитын, намысты оятатын Лезгинка биі әлемге кеңінен танымал. «Өнер ұлт пен ұлыс таңдамайды» демекші, қарасайлық жасөспірімдер арасында аталған би түріне қызығушылар көп. Ауданымызда 2016 жылдан бері осы бағытта балалар өз өнерлерін «Азарт» би тобында шыңдап келеді. Сабақтан тыс кезін құр өткізбей, бос уақыттарын өнердің әдемі бағытына арнаған жас жеткіншіктер жайлы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде айтуды жөн санадық, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілілік басылымның тілшісі.

Аталған би үйірмесі алдымен осыдан төрт жыл бұрын жетекшісі әрі хореограф Мұрат Супиев негізін қалап, Шамалған ауылында, ал, бір жылдан кейін  Қаскелеңде тағы бір филиалы ашылды. Қазіргі таңда қос өнер ұжымында 15-тен 20 талапкерге дейін билеп, жаттығады. Олардың ең кішісі төрт жаста болса, ересектерінің алды 16 жаста. Бір қызығы, кавказ билерін үйрететін үйірмеге орыс, украин, қазақтың да балалары қатысып жүр. Оларды биге өз еркінсіз үйретуге болмас, кавказ билерінің әдемілігі мен тартымдылығы балалардың бойында осы биге деген құмарлықты оятқан сияқты. Құрылғандарына бес жылға толмасада, аталған би ұжымы облыс көлемінде кеңінен танымал. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында бірнеше рет өнер көрсеткен. Көптің ішінен таланттарымен көзге түсіп Елбасының ыстық ықыласына да ие болған. Ауданда өтетін мерекелік іс-шаралардың барлығына белсенділікпен ат салысып, көрермендердің көзаймына айналған. Өз салаларындағы байқауларды да қалт жібермейді. Аудандық, облыстық, республикалық би жарыстарынан бөлек халықаралық додалар да топ жарды.  Иә, біз де өз тарапымыздан өнер ұжымына алдағы шығармашылықтары шыңдалып, таудай белестерді бағындыруларыңына тілектестігімізді білдіреміз. Барша жас оқырмандарымызды да жайдарлы жаздың алғашқы күнімен дәл келетін Балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях