Алматы облысының 95 пайызы ауыз су жүйесіне қосылды

Алматы облысының 95 пайызы ауыз су жүйесіне қосылды

Алматы облысының тұрғындарының 95 пайызға жуығы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысының өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда су тапшылығының артуы, жер асты және жер үсті суларының ластануы, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету күрделі мәселеге айналып отыр. Осы мәселені шешу мақсатында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылы ауылдық елді мекендердің 80 пайызын орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосу міндетін қойған болатын.

Осыған сәйкес аталған мәселелердің шешімін табу үшін Алматы облысының қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізген. Тексеріс нәтижесінде 85 елді мекен орталықтандырылмаған су жүйесімен қамтылған. Соның 3 мыңнан аса су құбырына және 2 мыңнан аса орталықтандырылмаған су көздеріне бақылау орнатылып, 24 мыңнан аса су көзіне түрлі сынамалар жасалды.

«Бүкіл жер шарын алаңдатқан су мәселесі біздің елімізде де өзекті. Әсіресе, халықты сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жіті бақылауда. Тұрғындарын таза әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасы қабылданып, Алматы облысындағы бірқатар елді мекендерге ауыз су жеткізілді. Бүгінгі күні Алматы облысы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылуы жағынан басқа облыстармен салыстырғанда алдынғы орында тұр», – деді Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов.

Сондай-ақ, осы мәселе бойынша Алматы облысында 3 жылдың (2017-2019ж) көлемінде тұрғындар арасында 4 шағым тіркелген. Олар Қарасай, Іле, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары. Негізгі шағым су сапасына, су құбырларының санитариялық-техникалық жағдайына және ауыз судың болмауы екені анықталған. Түскен шағымдар толықтай тексеріліп, анықталған кемшіліктер бойынша су құбыры жүйелерінің иелеріне әкімшілік айыппұл тағылып, шағым нәтижесі оң шешімін тапты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях