«Turkistan» телеарнасы іске қосылды

«Turkistan» телеарнасы іске қосылды

Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз мейрамы қарсаңында таңғы 7-ден бастап «Turkistan» телеарнасы «Отау ТВ» ұлттық спутниктік желісі және кабельдік желілер арқылы қалың көрерменге жол тартты. Бұл туралы Karasayinfo.kz желілік басылымы Түркістан облысы әкмінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған халықаралық «TURKISTAN» телеарнасы түркітілдес мемлекеттердің ақпарат кеңістігінде 3 тілде хабар тарататын арна болмақ.
Телеарна күн сайын өзекті ақпараттар мен қызықты бағдарламалар, телехикаялар мен деректі фильмдер топтамасын назарларыңызға ұсынады. Атап айтқанда, «Salem» таңғы ақпараттық-сауықтық бағдарламасы, «Turkistan times» жаңалықтар топтамасы, «Ғибрат», «Әпсана», «Жан сарайы», «Бетперде» секілді көрерменге берері мол бағдарламаларын ұсынады.
«Turkistan» телеарнасы түркітілдес елдер арасындағы ақпарат алмасу мен бірегей ортақ медиа кеңістік қалыптастыруға алтын көпір болады деген жоспар бар.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях