Алматы облысы әкімінің Балқаш ауданына жұмыс сапары

Алматы облысы әкімінің Балқаш ауданына жұмыс сапары

Облыс әкімі Амандық Баталов Балқаш ауданына жасаған жұмыс сапарында күрделі жөндеуден өтіп жатқан аудандық аурухана ғимаратының жағдайымен танысты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

2019 жылы келген сапарында аурухананың тозығы жеткен апатты жағдайын көрген облыс басшысы ғимаратты толықтай қайта жаңғырту керек деген шешім қабылдаған болатын.

Кейінгі 30 жылда жөндеу көрмей, әбден ескірген нысан бүгін жаңа кейіпке енген. Ғимараттың жаңғыртылуы жайлы «Нұр Шапағат Құрылыс» ЖШС өкілдері қысқаша баяндап, ішін жөндеу жұмыстарын көрсетті. Бұған дейін қабырға кірпіштерінің тозғаны соншалық оны тек сылақ қана ұстап тұрған болса, қазір қабырғалары жаңарып қана қоймай, сейсмикалық жағынан күшейтіліп, сылақтың ішінен арматураланып, екі жағынан да мықты темір тормен қапталып, нығайту жұмыстары сапалы жүргізілуде.

Облыс әкімі күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, нысан қайта пайдалануға берілген соң жаңа аурухананың медициналық құрал-жабдықтары да толық жаңаланатынын айтты.

Атап өтсек, аудандық аурухананың жөндеу жұмыстары 2020 жылдың қыркүйек айынан басталды. Мұндағы тәуліктік стационары — 1010 төсектік, күндізгі стационары — 20 төсектік. Ауруханада 300-ге жуық адам жұмыс істейді. Соның 48-і – дәрігер, 184-і — орта буын медицина қызметкерлері, 78-і — басқа да жұмысшылар. Әзірге олар уақытша басқа ғимаратта қызмет көрсетіп отыр.

Белгіленген жоспар бойынша ғимараттың жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталғанда, аурухана қолданысқа толық дайын болмақ.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях