Айтыскер Аманжол Әлтай Мәжіліс депутаты болады

0
743

AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың Мәжілістің жаңа депутаты ретінде ұсынылғаны туралы жазды, деп хабарлайды Naqty.kz со ссылкой на Zakon.kz.

«Құрметті достар! Бүгін Саяси кеңес Бюросының қаулысымен «AMANAT» партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды. Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберілді,» –  деді Асхат Оралов

Сонымен қатар Асхат Оралов Facebook-тегі жазбасында Аманжол Әлтайды көптен бері танитынын айтты.

«Тек елге танымал айтыскер ақын ғана емес, халық мүддесі үшін әркез салиқалы сөз түзіп жүрген азамат ретінде де жақсы білемін. Әрқашан елдің жанынан табылып, қиын кезде де партиямен бірге бола білген, ізін басып келе жатқан жастарға ісімен де, сөзімен де үлгі болып жүрген тұлға. Алда әлі талай мақсаттар тұр. Ортақ мүдде үшін нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін», – деді Асхат Оралов

Айтыскер ақын Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаев 1971 жылы Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданы Ақтүбек ауылында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь