«Aigerim Kabirovna» оқу орталығында куәліктер табысталды

Жуырда ауданымызда әлеуметтік жағдайы төмен қыз-келіншектер мен көп балалы аналарға арналған тегін мамандық курстарын меңгертетін Әйгерім Түлкібаеваның орталығы алғашқы тәлімгерлеріне кәсіптік білімін растайтын куәліктерін тапсырды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Салтанатты жиынға арнайы қатысқан Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев  куәліктерді өз қолымен табыстап, әрі қарай кәсіптерін бастап, жетілдіруге сәттілік тіледі. Сонымен қатар, шара барысында сөз сөйлеген аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының филиалының маманы Елена Константинова мен аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы Мадина Алимова орталықтың жақсы нәтиже көрсеткенін тілге тиек етіп, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасайтындықтарын айтты.

«Aigerim Kabirovna» деп аталатын бұл салалық дамыту курсын оқытатын мекеме Қаскелең қаласындағы «Jetisu» кешенінде орналасқан.    Алғашқысында ниет білдірген 72 қатысушының 66-ы толықтай барлық кезеңдерді өтіп, сынақты тапсырған екен. Атап айтқанда,  «Тырнақ күтімінің шебері», «Бет әрлеуші», «Шаштараз», «Кірпік жабыстыру шебері», «Қас бойтын маман» бағыттары бойынша өз білімдерін жетілдірген.  Енді келесі кезеңдерге жаңа топтар жинақталуда.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях