27 жасар батыр ана пәтер иесі атанды

27 жасар батыр ана пәтер иесі атанды

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев түркістандық көпбалалы ана Жазира Тұрғынованы қабылдады деп хабарлады Karasayinfo.kz желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Түркістан облысының әкімі батыр анаға Төлеби ауданы Ленгір қаласынан 4 бөлмелі баспананың кілтін табыс етіп, айтулы қуанышымен құттықтай жүрекжарды тілегін арнады.

– Бүгінгі жас қыз-келіншектер өзіңіздей батыр аналарға еліктеп өсуі керек. Өйткені, халықтың санын көбейтер өзіңіздей алтын құрсақты аналар. Елімізде Сіз секілді батыр аналарымыз арта берсін. Бүгінгі баспанаңыз құтты болып, ұл-қыздарыңыз көбейе берсін. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін, – деді өңір басшысы.

Өз кезегінде сөз алған Жазира Тұрғынова отбасы атынан алғысын білдіріп, барлық жас аналарды бала санын көбейтуге шақырды.

Жазира Тұрғынова – Түркістан облысы Төле би ауданының тұрғыны. 27 жасында 7 баланың анасы атанған. Көпке үлгі боларлық ана. Себебі, бүгінде 3 қыз, 4 ұлды тәрбиелеп отыр. Жазираның қазіргі таңда үлкені 11-де, ал кішісі Алихан 7 айлық.

Еске сала кетсек, 23 қаңтар күні Астанада Елбасының қатысуымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Жиында Түркістан облысының тұрғыны Жазира Тұрғына сөз сөйлеген болатын.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях