2021 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына  Жетісудан кімдер қатысады?  

2021 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына  Жетісудан кімдер қатысады?   

Төрт жылдықтың басты додасы 2021 жылы Токио қаласында өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына Алматы облысы  11 лицензия ұтып алды, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы «Jetisy media» ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері спортшыларымыз Азия, Әлем Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып, көк байрағымызды желбіретуде.  Ұлттық құрама команда спортшыларының қанжығасында олимпиада ойындарына  25 спорттың түрінен  62 лицензия бар болса, оның он бірі жетісулықтарға тиесілі. Бұл жолдамаларды Азия, Әлем чемпионаттарында жоғары жетістіктерге қол жеткізген спортшылар алды. Атап айтар болсақ, олар:   грек–рим күресінен  Асхат Дильмухамедов, ауыр атлетикадан  Зулфия Чиншанло мен  Игорь Сон , велосипед спортынан (трек) Сергей Пономарев,  жеңіл атлетикадан спорттық жүріс бойынша  Айман Ратова мен ядро лақтыру бойынша  Иванов Иван, байдарка мен каноэде есуден  Светлана Усова , садақ атудан  Санжар Мұсаев, Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин және 1 командалық жолдама.

Сонымен қатар,  4  спортшы жолдама иеленуге үміткер болып табылды. Олар, тас жолдағы велосипед спортынан  ЮрийНатаров , Данил Фоминых,  жүзуден Мария Федотова , садақ атудан  Фарида Түкебаева.

Ел намысын қорғайтын оғландардың асығы алшысынан түскей, Алға, самға!

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях