Сервистік нысандар тексерілді

0
2047

Кеше, аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің Қаскелең қаласының сәулеттік келбетін жақсарту және абаттандыру бойынша берілген тапсырмасына сәйкес, аудандағы сервистік нысандардың сәулеттік келбетін, құжаттарының заңдылығын, санитарлық тазалығын тексеру үшін, кезекті рейдтік жұмыс жүргізілді.

Бұл іс-шараға арналған комиссия құрамында аудан әкімінің орынбасары Нұржан Сатубеков және Қарасай ауданына қарасты ауылдық округтерінің әкімдері, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, жер қатынастары бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасы және аудандық мемлекеттік сәулет және құрылыс бөлімінен келген бірнеше мемлекеттік қызметшілер болды.

Рейд барысында жоғарғы және төменгі трассалар бойында орналасқан дүкендерге, базарларға жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілді. Негізінен заңсыз салынған құрылыс нысандары мен олардың құжаттары басты назарға алынды. Атап айтқанда, бірқатар жол бойындағы нысандарға құжаттарын істеп жатқан жұмыстарына сәйкес заңдастыру тапсырылып, комиссия мүшелері қызмет көрсету орындары иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь