2019 жыл – Жастар жылы

2019 жыл – Жастар жылы

Жастар – қоғамның қозғаушы күші.  Елбасы Н.Назарбаевтың соңғы  жарияланған Жолдауында 2019 жыл Жастар жылы деп бекіткен еді.

Президент үнемі жастар саясатын дамытуды барынша ден қоятыны баршаға мәлім. Мемлекет тарапынан  осы уақытқа дейін оларға арналған 63 түрлі тиімді бағдарламалар қабылданып келеді.  Соның бірі «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы.  Ол еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті, дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін дамытуға бағытталған. Аудандық жұмыспен қамту орталығының берген мәліметіне сүйенсек, аталған бағдарлама аясында былтыр ауданымызда қолға алған шаруасының ауқымын кеңейте түсу мүмкіндігіне ие болған  60 адамның жетеуі жастар.  Сол жастардың қатарында Шамалған бекетінің тұрғыны Жамбыл Қашқынбаев та бар.

1997 жылы туған Жамбыл биыл Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық зерттеу институтының «радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қолына дипломын алғаннан кейін ауыл халқының тыныс-тіршілігімен, әлеуметтік жағдайымен жақын таныса келе әкесімен бірге тұрғындарға да, өздеріне де пайдасы болар бір шаруаны қолға алуды ұйғарады. Бүгінгі таңда, әсіресе, жас кәсіпкерлерге жақсы көңіл бөлінетінінен хабардар болған олар бірден «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қарасай аудандық филиалына келіп, алдымен Жамбыл іскерлік әлемінің қыр-сырына қанығу үшін үш ай «Бизнес-кеңесші» курсына қатысады. Қолына сертификаты тиген соң, аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 бағдарламасының» ІІ бағыты бойынша, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» несие алған. Жобасын қорғап, қолына тиесілі соммасы тигеннен кейін қаражатына екі жүк көлігін сатып алады. Қазіргі таңда  жиһаз, құрылыс материалдар және басқа да осы сынды заттарды  тасымалдаумен айналысады. Тіпті, бірігіп тұрақты жұмыс істейтін мекемелері бар. Олардың бұл кәсібі Шамалған бекетінің тұрғындары үшін де ыңғайлы болған. Себебі, көршілері арнайы тапсырыс беріп заттар алдыратын кезде, алыстан көлік іздеудің қажеттілігі туындамайды. Бұндай жағдайда бірден Қашқынбаевтар отбасына жүгінеді.

Биылғы жылы Жамбыл сынды жастардың еңбекке  деген құлшынысы оянып жатса, оларға мемлекет тарапынан қолдау  көрсетілетіндігі сөзсіз.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях