ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Маусымның 30-ы күні Испанияда VIII Халықаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған «Costa del Arte» шығармашылық фестивалі өтіп, оған қатысқан ауданымыздың жас өнерпазы жүлделі боп оралды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Жерорта теңізі маңындағы ең әдемі жерлердің бірінде орналасқан Испания елінде өткен байқауға әлемнің әр бұрышынан өнерлі балалар мен жасөспірімдер жиналды. Фестиваль-конкурс биыл «Вокал», «Хореография», «Аспапта ойнау», «Бейнелеу өнері», «Театрлық шығармашылық» пен «Ерекше жанр» деп аталған алты аталым бойынша өтті. Бұл конкурсқа біздің ауданымыздағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің таланты жас өнерпазы Еркежан Жанат та қатысып, өзінің әсем дауысымен қазылар алқасын таңқалдырып, жүлделі І орынға ие болды.

Нақтырақ айтатын болсақ, «Don’t you worry bout a thing» әнін орындаған Еркежан Жанат «Вокалдық шығармашылық» пен «Эстрадалық вокал. Соло» аталымдары бойынша І орынды иеленіп, қазан айында Санкт-Петербург қаласында өтетін, мықтылар бас қосатын, Халықаралық байқауына жолдама ұтып алды.

Ауданымыздың жас әрі талантты жеткіншегі, бұған дейін де бірнеше мәрте халықаралық және республикалық өнер байқауларының жеңімпазы болған. Еркежанды жеңісімен құттықтай отырып, алдағы сыннан да сүрінбей өтуіне тілектеспіз!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях