Жазықты азаматтар спорттық жарыста бақ сынады

Жазықты азаматтар спорттық жарыста бақ сынады

Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар баскетбол ойнап, спорттық шарада белсенділік танытты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Саламатты өмір салтын насихаттауға арналған бұл игі шара Қарасай аудандық прокуратурасының бастауымен, сондай-ақ, аудандық пробация қызметінің, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, аудандық жастар ресурстық орталығының бірлесуімен өтті.
Жарыста аудандық пробация қызметінің есебіндегі бас бостандығынан айыруға байланысты емес азаматтар спорттық белсенділіктерін танытты. Нақты айтқанда, олар баскетбол ойынын ойнап, бұл спорт түріне деген бейімділіктерін байқатты.
Игі шарадағы басты мақсат – жазықтылардың спорттық өмірге деген белсенділіктерін арттырып, нашақорлық, темекі, алкоголь сияқты адам денсаулығына зиянды заттарды пайдаланбауға үйрету.
Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Төрешілердің бағалауы арқылы қатысушылардың арасында ұпай айырмашылығымен алға шыққан командалар да, көзге түскен жақсы спортшылар да болды. Тең дәреже ескерілмейтін бұл доданың соңында жеңімпаздар анықталып, мараматқа ие болды. Оларға Қарасай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің, жастар ресурстық орталығының атынан арнайы сыйлақтар мен Алғыс хаттар табыс етілді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях