ЖАС ПАЛУАНДАР БАҚТАРЫН СЫНАДЫ

ЖАС ПАЛУАНДАР БАҚТАРЫН СЫНАДЫ

Қазақ күресінен Қарасай ауданының 90 жылдығына байланысты жасөспірімдер арасында ашық турни ұйымдастырылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Ауданымыздың 90 жылдығына орай түрлі іс-шаралар аудан ішінде өз деңгейінде аталып өтіліп келеді. Оның арасында спорт саласындағы түрлі бәсекелі жарыстарды да айтсақ болады. Сондай спорттық шараға ұласқан қазақ күресінен ашық турнир өткен аптаның сенбісінде Қаскелең қаласындағы №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткізілді. Осы орталықтың ұйымдастыруымен өткен жарысқа ауданның 200-ге жуық жасөспірімдері қатысып, 13 салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынады.

Шара барысында аталмыш спорт мектебінің басшысы Дәурен Төлеген спортшыларды ауданның 90 жылдығымен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен, боз кілемде белдескен жас палуандар өз салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, көпшілікке спорттық шеберлерін таныта білді. 2004-2006 және 2007-2009 жылғы жасөспірімдер жас ерекшеліктеріне, әрі салмақ көрсеткішіне байланысты лайықты орындарға ие болды. Жарыс соңында турнирдің жүлдегерлері анықталып, оларға  арнайы медалдар мен Алғас хаттары табыс етілді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях