Мешіттегі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

0
2533

Бүгін ауданымызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасы өтті. Ауданымызға қарасты 35 мешіт өкілдерінің белсенді жұмыс атқаруымен өтетін акция биылда жалғасын табуда. Басты мақсат – оқу жылы қарсаңында көпбалалы отбасылардан шыққан, әлеуметтік жағдайы төмен, мектепке  дайындығы аз оқушыларды оқу-құрал жабдықтарымен қамтамасыз ету. Жыл сайын ҚМДБ-ның бастауымен аудан бойынша өтетін қайырымдылық шара 200-ден астам оқушыларға беріледі деп жоспарланады екен.

Облыстық деңгейі бар «Қарасай батыр» мешітінде ауылдық округтер мен қала мешіттеріндегі имамдар, ұстаздар және ата-аналар балаларымен жиналды. Дәстүрлі шараны осы мешіттің бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы жиын алдында уағыз-насихатын айтып, оқушыларға жаңа оқу жылда сәттілік тіледі. Содан кейін әр ауылдық, қалалық мешітке қарасты балаларға оқу құралдары арнайы тізіммен үлестіріліп, таратылды. Атап айтсақ, қала мешіттерінен «Ақмешіт», сондай-ақ, Бекболат ауылынан «Қамза қажы», Көлащыдан – «Жұмабек», Алмалыбақтан округпен аттас, Шамалған станциясынан – «Жаңа Шамалған», Райымбектен – «Нұр-Мұсахан» және «Қажы Зуха батыр»мешіттерінен келген оқушыларға берілді. Қайырымдылық іс-шараның соңы сөмке арқалаған балдырғандардың естелік суретке түсуімен аяқталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь